Өзгелерден дәрежеңнің артық болуын қаласаң...
Әйгілі сахаба Абдулла ибн Аббастың (оған Алла разы болсын) Ата ибн Әби Рабах атты асқан білімді шәкірті болады. Ғалымдар Ата туралы: «Егер де ұсқынсыздар арасында байқау өтсе, Ата ибн Әби Рабах бірінші орын алар еді» деген пікір де айтқан екен. Себебі, ол меккелік бір әйелдің құлы болатын және сыртқы бейнесі қара реңді, мұрыны пұшық, бір қолы сал, аяғы ақсақ, көзі соқыр деп суреттеледі. Алайда, ол өзінің білімінің арқасында өте абыройлы, өзгелерге сыйлы өмір сүреді. Ата ибн Әби Рабах қажылық мәселесі бойынша мүфти дәрежесіне дейін көтеріледі. Қалада қажылық туралы одан...