Жүректі өлтіретін негізгі "у"
Жүректі өлтіретін негізгі "у"

• Тіл – ең қауіпті у. Адам тілімен кәлиманы айтып иман келтіреді, алайда, тілімен ең ауыр күнәні жасауы да мүмкін. Тіл – кішкентай, сөйте тұра оның істері үлкен. «Адам баласы таңертең ұйқыдан оянғанда барлық дене мүшелері тілге бойсұна былай дейді: «Біз үшін Алладан қорықшы, барлығымыз саған тәуелдіміз және сен түзу болсаң, біз де туралықты ұстаймыз, ал сен қисықтық жасасаң, біз де қисаямыз». (Тирмизи).

Мұсылман – өзге мұсылманға тілімен де, ісімен де зиян тигізбейтін адам. (Бұхари). «Мұсылман адамның исламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі – бос сөзден арылу» (Бұхари).

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне: «Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» деген тамаша өсиет қалдырды. (Бұхари, Муслим). Яғни, мұсылманда тілмен болатын қарым-қатынастың екі ғана түрі бар: жақсы сөз сөйлеу және үндемеу. Пайғамбар тағы бірде: «Жақсы сөйлеп, игілікке жеткен немесе үндемей қалып құтылған адамға Алланың кешірімі болсын!» деп дұға жасайды. (Тирмизи) Ал, Хазіреті Лұқман Хакім: «Сөйлеу – күміс болса, сөйлемеу – алтын» деп қалай орынды айтқан! Таразылар болсаңыз, көп күнәнің, көп қателіктің – тілден, артық сөзден екендігін анық байқайтын болар едіңіз. «Кім көп сөйлесе – жиі қателеседі, кім жиі қателессе – күнәға көп батады, ал кім көп күнә жасаса – Тозаққа көбірек лайықты» (Омар ибн әл-Хаттаб). Сол себепті, тілді тыя білу – күнәдан арылудың әрі иманды сақтаудың бір жолы.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 жыл бұрын 4291
3 пікір
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130