Не болғанын білмеймін, маған, Алла, Көп іздедім, іздеймін, таба алам ба? Ғашық болғым келіп жүр, ғашық болғым, Жүрегінде... Иманы бар адамға. Сөздерінде, тәңірді тиек етіп, Көздерімен көзімді сүйе кетіп. Өзгелерге сый жасап, орынымен, Өзін де сыйлатқызар жүйелетіп. Адам болса осындай, мені сүйер, Сөз беремін, мен де оны сүйем өтіп. Мінезінде көркемдік қылаң берсе, Бір өзінде өр теңдік сыңар келсе. Тірек болса болғаны, тілегім сол, Жүрегімен іс қылып, Хаққа сенсе. Айтылмаған сырымды айтар едім, Жазылмаған жырымды байқар еді. Сезінбеген...