құлақ сап тыңда...
құлақ сап тыңда...

Құлақ сап тыңда, жігіттер,

Төмендеп жатыр бағаңыз.

Шақырып қызды зинаға,

Жындарға толған араңыз.

Имансыз тірлік жасарда,

Нәпсіге бұрмай санаңыз,

Күнәға тартпай сұлуды,

Қарындасым деп қараңыз.

Әпкеңе солай жасаса,

Жазылар ма еді жараңыз.

Зинаны жасар алдында,

Анаңды еске алдың ба?

Бір кезде сондай қыз болған,

Ар деп жүрген анаңыз.

Қиянат қылма қыздарға.

Сыйлаған қызды бабамыз.

Біразға жасың жеткенде,

Өкініп калсаң өткенге,

Қайтару үшін уақытты,

Жете қоймайды шамаңыз.

 

Құлақ сап тыңда, арулар,

Судың да бар-ау есебі.

Бір сәтке ойлап қойыңдар,

Үйдегі әке-шешені.

Өйткені әке-шешеңе,

Балапан қызсың кешегі.

Болашақ жарқын өмірге,

Зинаның тиер кеселі.

Жолыңыз болмай күнәдан,

Сорыңыз болар бес елі.

Некесіз туса сәбиің.

Жетесіз болып өседі.

Жетесіз болып өскен соң,

Қаңғырып қара көшені,

Біреудің тонын шешеді,

Біреудің жолын кеседі.

Ел болам десең, бабалар,

Бесікті түзе деседі.

Некеден туған Махамбет,

Елімнің батыр көсемі.

Некеден туған ұлы Абай,

Қара өлең сөздің шешені.

Ұлт болам десең саналы,

Жұрт болам десең бағалы,

Зинадан аулақ болыңдар,

Айтарым менің осы еді…

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 жыл бұрын 5650
6 пікір
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130