Ия, Раббым...
Ия, Раббым...

Мен Саған қиындық жайлы мұң шақтым...

Сен: « َﻻ اﻮُﻄَﻨْﻘَﺗ ﻦِﻣ ﺔَﻤْﺣﱠر ِ ِﻪﱠﻠﻟا » «Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер» (39:53) – дедің.

Мен Саған жүректің дертін айттым...

Сен: « ﻻَأ َ ﺮْﻛِﺬِﺑ ِ ﻪّﻠﻟا ِ ﻦِﺌَﻤْﻄَﺗ ُّ ُبﻮُﻠُﻘْﻟا » «Аллаһты зікір етумен жүректер тынышталады» (13:28) – дедің.

Мен Саған адамдар жанымды жаралады дедім...

Сен: « ﻒْﻋﺎَﻓ ُ ﻢُﻬْﻨَﻋ ْ ﺮِﻔْﻐَﺘْﺳاَو ْ ْﻢُﻬَﻟ » «Оларды кешір және олар үшін кешірім сұра» (3: 159) –дедің.

Мен Саған жалғыздықтан жабыққан жандар жайлы тіл қаттым.

Сен: « ِﺪﻳِرَﻮْﻟا ﻦْﺤَﻧَو ُ بَﺮْﻗَأ ُ ﻪْﻴَﻟِإ ِ ﻦِﻣ ْ ِﻞْﺒَﺣ » «Біз оларға қан тамырларынан да жақынбыз» (50: 16) – дедің.

Мен Саған күнәһар көңлімнің сырын аштым...

Сен: « ﻦَﻣَو ﺮِﻔْﻐَﻳ ُ بﻮُﻧﱡﺬﻟا َ ﻻِإ َّ ُﻪّﻠﻟا » «Аллаһтан басқа күнәні кім кешіреді?» (3:135) – дедің.

Мен Саған мені ұмытпа дедім...

Сен: « ﻲِﻧوُﺮُﻛْذﺎَﻓ ْﻢُﻛْﺮُﻛْذَأ » «Мені еске алғын, Мен де сені еске аламын» (2:152) – дедің.

Мен Саған өмірдің өкініштері туралы шағындым…

Сен: « ﻦَﻣَو ﻖﱠﺘَﻳ ِ ﻪﱠﻠﻟا َ ﻞَﻌْﺠَﻳ ﻪﱠﻟ ُ ﺎًﺟَﺮْﺨَﻣ » «Аллаһтан қорыққан жанға, Ол тығырықтан шығар жол табады» (65:2) – дедің.

Мен Саған асқақ арамандарымды айттым...

Сен: « ْﻢُﻜَﻟ لﺎَﻗَو َ ﻢُﻜﱡﺑَر ُ ﻲِﻧﻮُﻋْدا ْﺐِﺠَﺘْﺳَأ » «Маған дұға етіңдер, Мен сендерге жауап беремін» (40:60) – дедің.

 

Мен Саған таубе еттім де Өзіңе тауекел еттім!!!

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 жыл бұрын 6881
1 пікір
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130