Сәждеде көз жұмған әже (болған оқиға ізімен)
Алла разылығы үшін шалған құрбан малының етін таратып келе жатқан Қасымның алдынан көрші тұратын Зоя әжей ұшыраса кеткені. Неге екені, әйтеуір, қашан болсын осы бір орыс апаны көрсе болғаны, жігіттің жүрегі жылып сала береді. Бәлкім ол кейуананың үнемі күлімсіреп жүретіндігінен болар. «Қап, - деді Қасым, - қалайша мен етті бөлерде бұл көршімді ұмытып кеттім екен?.. - деп кейіді өзіне өзі. «Мені де мұсылман дейді-ау, ал өзім міне, көршілерімді алалап... Өзегін осындай өкініш кернеп тұрса да, әжейдің қасынан күлімсіреген күйі өте шыққан Қасым келесі күні таң атар-атпас...