Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап…
Біреудің мақтауынан да, даттауынан да көңілі, жан сарайы зәредей де әсерленбейтін пенде бола ма? Немесе ондай кемел деңгейге жету мүмкін бе? Мүмкін. Бірақ қиын. Ол үшін өзіңнің кім екеніңді, қайдан пайда болғаныңды (бір тамшы судан), қайдан шыққаныңды, қабірде неге айналатыныңды (Абайша айтсақ «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы, болады онан сасық өлсе тағы») білуің керек. Өзіңнің әлсіз, әлжуаз пенде екеніңді мойындауың қажет. Бойдағы бар қабілет, ерекшеліктердің Раббың тарапынан өзіңе тегін тарту етілгенін сезінуің ләзім. Ондай деңгейге жету өмірдегі әрбір жетістік,...