"Орамал менің тəжім"
"Орамал менің тəжім"

Анашым, жан анашым. Мені түсініңізші, орамал менің қорғаным, абыройым, Аллахтың бұйрығы, парызы ғой. Қалайша мен өз Раббымның бұйрығын орындамаймын. Анашым... қызыңыз жаман жолда емес қой. Орамал таққанда мені өзгеріп кетеді деп ойлайсызба?.. Жооқ.. мен сол баяғы сіздің ерке қызыңыз болып қаламын ғой. Мен тек иманым кəмілденіп, Аллахымды танып жатырмын. Анашым.. мен орамал таққанда араб болып кетпеймін ғой. Бұл киім арабтың да, қазақтың да емес, мұсылманның киімі ғой. Мен отанымды, қазағымды сүйемін ғой. Асыл анам.. кішкентай кезімде қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірдіңіз. Енді есейіп өзіңізден алыс кеткен соң, мені қазір сұқ көздерден қорғаным орамалым ғой. Құранда азхаб сүресің 59-аятында "Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді" деген ғой. Бұл бұйрық. 

Анашым орамал таққаным үшін сізді елдің алдында ұятқа қалдырдым ба?!. Мейлі ел қалай əрекет етсең де сөйлемей қоймайды. Сізді Аллахтың алдында ұятқа қалдырмасам болды. "Қыз өсіріп оған жақсы тәрбие беріп. Құтты орнына қондырған ата-ананың орны жəннат" деген ғой. Анашым менің жүрегім мәңгі мекенімізді аңсайды. Жан анам сіздің жəннатқа кіруіңізге себепші болғым келеді. Анашым маған терең тағылымды тəрбие бергенізге рахмет. Қарызыңызды еш өтей алмаспын. Анашым тек сіз үшін дұға етемін. Менің кішкентайымда қалай қамқор болып өсірсеніз. Аллахым  қартайғаныңыз да сізді де қамқорлығына алсыншы. Орамалымды сөге көрменізші. Жəннатта періштем сыйлайтын жақұтты тəжімнің иесі өзіңізғой... К. Жаннұр. 

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 жыл бұрын 5115
0 пікір
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130