Қазағым, қал-жағдайың қалай қазір?
Көз жүгіртіп қарайын маңайға бір.
Аллаға мың шүкірлік айтпақ түгілі,
Тәубеге келе алмастан талайлар жүр.
Өзбектер — өз елінен нәсіп таппай,
Қазақтың құрылысын маңайлап жүр.
Қырғыздар — өз жерінде қырық пышақ,
Қазаққа шамасынша хан ойлап жүр.
Ұйғырлар — «Отаным» деп айтпақ түгілі,
Бір жапырақ жерді әлі таба алмай.
Африка — аш жатқанда, біздің Қазақ,
«Диета» деп денсаулыққа қарайлап жүр
Біз әлі мылтық ұстап көрген жоқпыз,
Ауғанда — автоматпен бала ойнап жүр.
Кейбіреулер итпенен шана айдап жүр,
Қазақ қана джип мініп, мал айдап жүр!