Сөздер/ Абай Құнанбайұлы
Сөздер/ Абай Құнанбайұлы

• Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық...

 

• Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.

 

• Еңбек қумай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар.

 

• Еңбек қуаныш, жалқаулық айрылмас қайғы.

 

• Жұмысы жоқтық, 

Тамағы тоқтық, 

Аздырар адам баласын.

 

• Болмасаң да ұқсап бақ, 

Бір ғылымды көрсеңіз. 

Ондай болмақ қайда деп, 

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

 

• Көп айтса көнді, 

Жұрт айтса болды, 

Әдеті жаман адамның.

 

• Құйрығы шаян, басы адам, 

Байқамай сенбе құрбыға. 

Жылмыңы сыртта іші арам, 

Кез келер қайда сорлыға.

 

• Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, 

Қиыннан қиыстырар ер данасы, 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы. 

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 

Ол ақынның білімсіз бейшарасы. 

Өлеңге әркімнің ақ бар таласы, 

Сонда да солардың бар таңдамасы. 

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, 

Қазақтың келістірер қай баласы.

 

• Жағыны жетіп қайырған, 

Толғау тоқсан қызыл тіл, 

Сөйлеймін десең өзің біл. 

 

• Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, 

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

 

• Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 

Үннің тәтті оралған мәні оятар. 

Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап, 

Жас балаша жүректі жақсы уатар. 

Әннің де естісі бар, есері бар, 

Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдыңың сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

 

• Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме, Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, 

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

 

• Жаман дос көлеңке, 

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, 

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

 

• Жолдастық сұхбаттастық бір үлкен іс, 

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

 

• Баланың жақсысы қызық,жаманы күйік.

 

• Досы жоқпен сырлас, 

Досы көппен сыйлас, 

Қайғысыздан сақ бол, 

Қайғылыға жақ бол.

 

• Бойда қайрат, ойда көз, 

Болмаған соң, айтпа сөз.

 

• Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, 

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 

Бұл қайраттан шығады, білсең керек. 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боласың, елден ерек...

 

• Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. 

Ер жеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

 

• Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.

 

• Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

 

• Ақыл бітпес дәулетке, 

Дәулет бітпес келбетке.

• Ғылым таппай мақтанба, 

Орын таппай баптанба...

 

• Пайда ойлама ар ойла, 

Талап қыл артық білуге.

 

• Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рахым ойлап қой, 

Бес асыл іс көнсеңіз. 

 

• Бақпен асқан патшадан, 

Мимен асқан қара артық. 

Сақалын сатқан кәріден, 

Еңбегін сатқан бала артық.

 

• Қайратсыз ашу тұл, 

Тұрлаусыз ғашық тұл, 

Шәкіртсіз ғалым тұл.

 

• Ақырын жүріп анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға. 

Ұстаздық еткен жалықпас, 

Үйретуден балаға.

 

• Жасанды кішіпейілдік жақсы қасиет емес.

 

• Өмірдің алды ыстық арты суық, 

Алды ойын, артқы жағы мұңға жуық.

 

• Алдыңғы толқын ағалар, 

Артқы толқын інілер, 

Кезекпенен өлінер, 

Баяғыдай көрінер./ Абай Құнанбайұлы

 

• Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық...

 

• Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.

 

• Еңбек қумай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар.

 

• Еңбек қуаныш, жалқаулық айрылмас қайғы.

 

• Жұмысы жоқтық, 

Тамағы тоқтық, 

Аздырар адам баласын.

 

• Болмасаң да ұқсап бақ, 

Бір ғылымды көрсеңіз. 

Ондай болмақ қайда деп, 

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

 

• Көп айтса көнді, 

Жұрт айтса болды, 

Әдеті жаман адамның.

 

• Құйрығы шаян, басы адам, 

Байқамай сенбе құрбыға. 

Жылмыңы сыртта іші арам, 

Кез келер қайда сорлыға.

 

• Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, 

Қиыннан қиыстырар ер данасы, 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы. 

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 

Ол ақынның білімсіз бейшарасы. 

Өлеңге әркімнің ақ бар таласы, 

Сонда да солардың бар таңдамасы. 

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, 

Қазақтың келістірер қай баласы.

 

• Жағыны жетіп қайырған, 

Толғау тоқсан қызыл тіл, 

Сөйлеймін десең өзің біл. 

 

• Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, 

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

 

• Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 

Үннің тәтті оралған мәні оятар. 

Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап, 

Жас балаша жүректі жақсы уатар. 

Әннің де естісі бар, есері бар, 

Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдыңың сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

 

• Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме, Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, 

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

 

• Жаман дос көлеңке, 

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, 

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

 

• Жолдастық сұхбаттастық бір үлкен іс, 

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

 

• Баланың жақсысы қызық,жаманы күйік.

 

• Досы жоқпен сырлас, 

Досы көппен сыйлас, 

Қайғысыздан сақ бол, 

Қайғылыға жақ бол.

 

• Бойда қайрат, ойда көз, 

Болмаған соң, айтпа сөз.

 

• Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, 

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 

Бұл қайраттан шығады, білсең керек. 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боласың, елден ерек...

 

• Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. 

Ер жеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

 

• Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.

 

• Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

 

• Ақыл бітпес дәулетке, 

Дәулет бітпес келбетке.

• Ғылым таппай мақтанба, 

Орын таппай баптанба...

 

• Пайда ойлама ар ойла, 

Талап қыл артық білуге.

 

• Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рахым ойлап қой, 

Бес асыл іс көнсеңіз. 

 

• Бақпен асқан патшадан, 

Мимен асқан қара артық. 

Сақалын сатқан кәріден, 

Еңбегін сатқан бала артық.

 

• Қайратсыз ашу тұл, 

Тұрлаусыз ғашық тұл, 

Шәкіртсіз ғалым тұл.

 

• Ақырын жүріп анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға. 

Ұстаздық еткен жалықпас, 

Үйретуден балаға.

 

• Жасанды кішіпейілдік жақсы қасиет емес.

 

• Өмірдің алды ыстық арты суық, 

Алды ойын, артқы жағы мұңға жуық.

 

• Алдыңғы толқын ағалар, 

Артқы толқын інілер, 

Кезекпенен өлінер, 

Баяғыдай көрінер.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 лет назад 14395
8 комментариев
  • конечно, это абай
    9 лет назад
  • Бұл кісінің сөзінің арзаны жоқ, бәрі қымбат!
    9 лет назад
  • Əрине, дана адамнын сөзі қымбат қой,
    9 лет назад
  • Алланың қазаққа берген ұлы ғой дана етіп Абай бабамыз!
    9 лет назад
  • Иә, біртуар Абай атамыз. Қазіргі жастар ұлы атамыздың сөздерін көптеп және түсініп оқыса ғой! Тек қана қазақылыққа ғана емес, имандылыққа да бет бұрар еді...
    9 лет назад
  • Рахмет! Бірегей дүние ! Алаш, Қазақ, Абай бір ұғым деп айтсақ қателеспейміз. Әрбір адамзаттың үйінде Алып адамның кітабы болуы қажет. Себебі олсыз толыққанды қазақ бола алмайсыз.
    9 лет назад
  • Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,

    Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

    Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

    Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

    Сонда толық боласың, елден ерек...
    9 лет назад
  • Абайтануды қолға алу керек.
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130