Өмір аялдамасы..
Өмір аялдамасы..

…Таңертең автобусқа міндім. Түсетін аялдамам «БАҚЫТ» деп аталады. Бұл автобусқа алғаш мініп отырғандықтан, жүргізушісіне қай аялдамадан түсетінімді айтып, ескерттім.

 

Кетіп барамыз…!

 

— «БАЛАЛЫҚ» аялдамасы. Бұл жерде көптеген қызықты сәттерім қалды…! Бірақ, керегі бұл емес! Сонда да, қимастықпен сол аялдамаға қарап өттім…!

 

— «ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ» аялдамасы. Шынымды айтсам, бұл аялдамаға талай жігіт қызымен, талай қыз жігітімен келгенін көрдім. Өзім де, осы жерде алғашқы махаббатымды кездестірдім, бірақ қазір ол мені, мені оны ұмытып кетіппін…!

 

— «НАМАЗ» аялдамасы. Бұл аялдама туралы айтатындар көп. Бірақ, дәл тауып барғандар аз екен…!

 

— «МАХАББАТ» аялдамасы. Ооо… Осы жерден түсіп қалғым келеді. Бірақ, маған «Бақыт» аялдамасы қажет…!

 

— «ҚЫЗҒАНЫШ» аялдамасы. Иәә…! Мұнда талай қызықтар мен қорқынышты оқиғалар болды. Қайтып келуді қаламас едім…!

 

— «МЕШІТ» аялдамасы. Өте таза аялдама, бірақ қазір уақытым жоқ…! Жүрегім таза, бұл аялдаманың қазірше керегі жоқ. 

 

— Ооо «КЛУБ» аялдамасы. Әттең, түскім-ақ келіп тұр…!

 

— «НАМАЗ» аялдамасы. Хмм… Тағы ма…?! 

 

— «САБЫР» аялдамасы. Хмм…

 

— «БАЙЛЫҚ ПЕН ТӘКАППАРЛЫҚ» аялдамаларында көп қыдырған едім кезінде…

 

— Аа…?! Автобуста адам қалмады ма?!

 

…Жүргізушінің алдына бардым. «Бақыт» аялдамасы қайда?!

 

— Қарындасым-ау…! Ол үшін сіз «Намаз» бен «Мешіт» аялдамаларынан түсіп қалуыңыз керек еді ғой…! Біз енді артқа қайталмаймыз, автобус бұзылып қалды.

 

— Ме…меен… артқа қайтайықшы…… Өтінем сізден…!

 

…Ал сіз қай аялдамадан түсер едіңіз?! Қазірден біліп алыңыз…! Кейін кеш болып, өкініп қалмаңыз…!

 

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 лет назад 7021
3 комментария
  • Ашық астармен көркем айтылған! Ұнады!
    Егер аялдамаңыздан өтіп кетсеңіз оған өкінбеңіз. Автобус бұызылып қалса, Күн батқанша аялдамада отырмай кері бұрылып Мешіт аялдамасына жаяу барсаңыз тез жетесіз. Содан соң Намаз аялдамасына дейін көше жап-жарық. Намаз аялдамасынан жоғары қарасаңыз Бақыт алаңы бар! Сол Бақыт аялдамасы! Аллаһ разы болсын!
    9 лет назад
  • Намаз аялдамасына кешігіп барсам да, жүрек тыныштығы мен жан рахатын, бахытымды сол жерден таптым.
    9 лет назад
  • жақсы жазба
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130
Прямой эфир