жүрегінде иманы бар жанға...
жүрегінде иманы бар жанға...

Не болғанын білмеймін, маған, Алла, 

Көп іздедім, іздеймін, таба алам ба?

Ғашық болғым келіп жүр, ғашық болғым,

Жүрегінде... 

Иманы бар адамға.

 

Сөздерінде, тәңірді тиек етіп,

Көздерімен көзімді сүйе кетіп.

Өзгелерге сый жасап, орынымен,

Өзін де сыйлатқызар жүйелетіп.

Адам болса осындай, мені сүйер,

Сөз беремін, мен де оны сүйем өтіп.

 

Мінезінде көркемдік қылаң берсе,

Бір өзінде өр теңдік сыңар келсе.

Тірек болса болғаны, тілегім сол,

Жүрегімен іс қылып, Хаққа сенсе.

 

Айтылмаған сырымды айтар едім,

Жазылмаған жырымды байқар еді.

Сезінбеген сезімді бастан кешіп,

Қайран қалып ғаламға, қайтар еді.

 

Қарсы келмен Алланың жарлығына,

Пендемін, көніп өтем барлығына.

Жаратқаннан сұраймын жалбарынып,

Өзгерту енгізші, - деп тағдырыма.

 

Е, Алла, иманды жан кезіктіргін,

Өзгесінен білмеймін безіп тұрмын.

Тілегімді білемін қабыл алдың,

Бәрі жақсы болады, сезіп тұрмын.

 

Сөзім осы ойымды жарып тұрған,

Сезім осы бойымды жарық қылған.

Төзім осы, әрменге дәрменім жоқ,

Өзім осы, басқа еш пәрменім жоқ.

 

Сүйсінетін көрген жан қарағанда,

Жан іздедім, білмеймін, таба алам ба?

Кезіктірші Тәңірім, не де болса,

Жүрегінде... 

Иманы бар адамға.

А. Қ. 

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 лет назад 7098
3 комментария
  • Ғашық болғым келіп жүр, ғашық болғым,

    Жүрегінде...

    Иманы бар адамға.


    Керемет. Алла сұрағаныңыздан да жақсысын нәсіп етсін. Біз асыққанмен Алланың қалауы болады.
    9 лет назад
  • Əмин. Ин ша Аллах. Дұрыс айтасыз))
    9 лет назад
  • Негізі дұрыс армандай білу де керек екен. Бағытыңыз дұрыс. Ең керегі отбасы ғой адамға.
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130
Прямой эфир