Екі жүзді.....
Екі жүзді.....

Екі жүзді...

Мешітте отырған кезімде, мешіттің бір шетінен:

- Ма шаа Алла, бұл бауырым мақалаларды жақсы жазады. Тіпті сөз жоқ, керемет! Сен оның мақалаларын оқығансың ба? Міндетті түрде оқып көр, қазір бізге қарай шақырамын - деп мені мақтап жатқанын естіп қалдым. 

Өз-өзіме деген сенімім кеудеме сиятын емес. Оларды естіп тұрсам да, естімеген кейіп таныттым. Таза кітапқа беріліп кеткен адам сияқты. Егер менен дәл сол кезде кітап не жайлы екенін сұрағанда, Аллаға ант етейін, жауап бере алмайтын едім. Себебі, мақтаудың буына буланып болған едім. 

- Бауырым, бізге келсеңіз - деп әлгі бауырым шақырды. Мен амалсыздан кітапты сөреге қойған секілді болып, бауырларыма қарай бет алдым. 

Сол жерде, мақалаларды қалай жазамын, не жайлы деген сияқты сұрақтар болды.

- Ооо, бәрекелді, ма шаа Аллаһ! Осындай мұсылман жазушылар көп болса екен! Күшті, иманды, тақуа...

Сол жерде мен де шыдай алмадым... Сондай тақуа, иманды, мықты жігіт сына бастады... "Өте керемет мақалалар" деген сайын көздерім жайнап, қолдарым дірілдеп, басым айналып жатыр. Мешіттегі барлық жамағаттың көзі менде... Ол көрініс барған сайын қиындаула.... Ешкім жақындай алмайды, себебі айналамның бәрі өрт еді. Барлық жерде өрт... Оттан басқа ештеңе жоқ! Кейін иманды, тақуа жігіттің сырт бейнесін шешіп, екі жүзді адам шықты. Сондай жиіркенішті, ұсқынсыз... Бұны барлық мешіт жамағаты көруде... Біреулер оны телефонына түсіріп алмақшы...

...Екі жүзді - таң намазына тұрудың орнына ұйықтап жататын... 

...Екі жүзді - күндерін құлшылықсыз өткізетін... Бір күн емес, апталап...

...Екі жүзді - алдына ас келгенде, астан алдын Раббысын еске алуды ұмытатын...

...Екі жүзді - қыздармен ашықтан-ашық қарым қатынас жасап, ойнайтын...

...Екі жүзді - Мақаланы біреу мақтап-мадақтау үшін жазатын...

...Екі жүзді - Жүрегіне Құраннан гөрі, музыканы жақын көретін...

...Екі жүзді - көздері мен қолдарын, аяқтарын харамнан тыймайтын...

...Екі жүзді - асқазанға не болса соны сала беретін, асты ысырап ететін, көшеде аш отырғандарды ойламайтын...

...Екі жүзді - Бауырым, Пайғамбарымыз ( саллаллаhу алейхи уасаллам ) қашан туылғанын айтып жіберсеңіз? - деген сұраққа, миыңда сақталған мәліметтен емес, бірден несиеге алған андроидыңның ғаламторынан іздейсің...

...Екі жүзді - Ислами нашидтерді қайдағы бір шет елдік "Pussy cat dolls, Madonna т.с.с." - мен араластырып, Құранды газет-журналмен ауыстырып... Авада суретің, лайктарды санап... Лайк басқан әрбір әйел затына достық жібересің...

...Екі жүзді - біреулерге "Салам, қалайсың? " деп жазып, ал кейбіреулеріне "Ассаламуалайкум уа рохматуллоһи уа барокатуһ, ахи" деп жазасың...

...Екі жүзді - қоғамдық көліктерде хиджабтағы қызды көрсе қуанып. Жоқ сақалды сипалап,ара арасында ұялып... Енді сені менмендік емес, ұялшақтықтың басуы...

...Екі жүзді - шынайылық ұйқыға кетті. Оның ізі де қалмады... Алла үйінде екі жүзділер қаптады. Оны шайтандар 1 минутқа да жібермей тұр. Олар оның басын, жүрегін, құлақтарын және көздерін шармап алған. 

...Екі жүзді - Әке - шешесінің "Ата - анаға құрмет пен ізеттілік" жайлы жазған мақаласын оқымағанына ренжиді.

...Екі жүзді - Мен бұлардың барлығын түсім болғанын қалаймын... Қорқынышты, жаман, қайталанбас түс...

Бірақ бұл түс емес...

 

Авторы белгiсiз...

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 лет назад 14075
13 комментариев
  • алла тағала иман берсін, одан артық бақыт жоқ
    9 лет назад
  • Екі жүзді адамнан әдемі мақалалар шыға ма?...


    9 лет назад
    • Мінсіз шығарма жазу оңай. Қиыны — ғұмырыңды мінсіз шығармаға айналдыру. ( А.Сүлейменов )
      9 лет назад
  • білімді мен білімсізді салыстыра алмайсың, қасиетті Құранда айтылған емес пе, білімді мен білімсіз тең бе деп
    9 лет назад
  • Адамның ойында не болса, сөзі де сондай болмай ма?
    Екі жүзді дегенді әлде мен түсінбеймін ба?
    9 лет назад
  • екі жүзді бүгін бар, ертең жоқ, міңгілік мәселерге бас қатыру керек
    9 лет назад
  • Сөзің мен ісіңді үйлестіру керек, үйлеспесе үйлестіре білу керек.
    Ал алдамшы, өтірік дүние бәрібір көрініп тұрады.
    Сөз бен іс үйлеспесе, адам өз-өзімен шыншыл болмаса рухани тоқырауға алып келеді. Бұл менің өз ойым.
    9 лет назад
  • өтірік өртке айналмасын деңіз
    9 лет назад
  • Бұл тақырыпты түсінбедініз ау.. дим екі жүзді туралы бірақ түсінгенге үлкен сабақ жатыр..
    9 лет назад
  • Расымен де түсінбеген шығармын.
    Ренжітіп алсам кешірім өтінем.

    9 лет назад
  • Екіжүзді-мұнафық-негізі имансыз, бірақ өтірік мұсылман болып көрінетін адам. Бірақ мұсылмандардың арасында да осындай сипат болуы мүмкін. Жасаған амалын, ғибадатын басқалар көрсін деп істейтіндер, біреуге бір нәрсені айтып, түсіндіріп, бірақ өзі істемейтіндер... Осылай кете береді...
    9 лет назад
  • Өз қатесін көріп оны айта білетін адам нағыз азамат деймін. Алла разы болсын! Сонымен қатар əлі қалыптасып үлгермеген мына біздің бет-пердемізді ашып айтқан. Мен де осындай екіжүзділігіммен күресіп бойымнан арылту процесінде байқап келемін. Бұл процесс жақын уақытта бітіп Алланың рахымына ие болсам деген арманым бар ИншаАллаһ!
    9 лет назад
  • Кимнин екижузди екенин Аллах биледи...
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130
Прямой эфир