Псевдомұсылмандарға үлгі болар нағыз мұсылман!
Псевдомұсылмандарға үлгі болар нағыз мұсылман!

Бүгінгі күннің ең соңғы сабағы бітіп қоңырау шалынуға жақын қалғанды. Қоңырау үні естілісімен балалар есікке ағысты. 

Əли жəйлап жиналып ең соңғы адамның сыныптан шығуын күтіп, көзінің астынан ұстазына бір қарап қояды. Ұстазы да бұл кідірісін байқайды. 

Əли, сен үйіңе қайтпайсың ба?

Əли ең соңғы оқушыны күтіп жауап қатты. 

- Сізбен сөйлесейін деп едім, ағай.

- Жарайды не айтайын дедің. Айта ғой.

- Сыныпта Ахмет деген досым.

- Иә, не болды Ахметке?

- Ол... ол біз үзілісте буфетке барып шəй алып ішіп жүрсек, бізден қашқақтап алыс жүреді, шамасы ақшадан қысылып жүреді-ау деймін.

- Солай ма?

- Мен оған жəрдем етсем деп едім, бірақ ол менің бұл ісімді білсе намыстанып қабылдамауы мүмкін. Мен майда ақшаларымды жинап аптасына бір рет беріп тұрсам, сіз оны оған бере аласыз ба? 

Ол қалтасынан бір уыс тиындарын алып үстелге қойды.

Ұстазы тиындарға тимей қарап отырды. Əли туралы ойлана бастады. Оның білуінше бұл ең үздік оқушысының жағдайы Ахметтің жағдайынан алыс емес еді. Алайда ниеті неткен керемет мұның бəрін жасырын жасамақ ойы бар.

- Əли тұра тұр, менің білуімше сендердің отбасылық жағдайларыңыз ондай асып тасып тұрған жоқ қой. Əлде мен қателесіп тұрмын ба?

- Дұрыс айтасыз ұстаз, əкем қара жұмыс жасайды, кейде жұмыс болса кейде болмайды(( Мен де сабақтан соң ақша табу үшін жұмыс жасаймын.

- Не жұмыс?

- Пісте сатамын.

Ұстазы Əлидің ниетінің жақсы екенін біледі де: 

- Əли сен өскенде кім болғың келеді?

- Бай іскер болғым келеді.

- Неге?

- Жағдайы төмен адамдарға көмек беремін.

- Əли тыңда, сен ойлан асықпа кейін байыған кезде көмектессең болмайды ма? 

- Жооқ болмайды кəзірден бастауым керек. Өйткені біріншіден ақша менікі емес, жақсылық жасағаным үшін Алла мені жақсы көреді адамдарға да жақсы көргізеді. Сондықтан да, жанымдағы сатушыларға қарағанда адамдар шемішкені менен көбірек алады. Екінші, ағашты жастайынан отырғызу керек осы кезден үйренбесем онда кейін қиын болады. Үшіншіден үлкейгенде бай болғым келеді бірақ уақытысында сауда жасамаған бай бола алмайды! 

Ұстазы қарсы алдында үлкен адаммен сөйлесіп отырғандай мұқият тыңдап отыр. 

- Үшіншісін түсінбедім.

Ол былай ғой ұстаз, қазір мен тек бір стакан пістелік қана жəрдем бере аламын. Бұдан көп бере алмаймын, ал Алла жəннəтті қолынан келгенінше жəрдем істегендерге береді. Мендегі жəннəтқа кіру мүмкіндігі осындай, егер байымай өліп кетсем онда осы амалмен жəннəтқа барам.

Ұстаздың көзі жасқа толып түсіндім дегендей басын изенді. Əлиді үйіне қайтарды, өзі ұзақ отырды. Əлидің тиындарын уысына алды оған қолында дүниенің ең қымбат жақұт алмастарын ұстап тұрғандай сезілді. 

Жо жоқ бұл олардан да қымбат бұл бір стакан шемішкеден түскен ақша-жəннəтті сатып алатын тиындар еді. Бұларды қолында қатты қысып көп жылады. Мектептен шығып бара жатып:《Бұл майда тиынмен жəннəтті сатып алмақшы》, - деп қайталай берді. Мектептің қарауылының:《Не дейсіз》деген сұрағына да естімегендей аузы жыбырлап, ақшам қараңғылығына сүңгіп кете берді.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 жыл бұрын 6710
5 пікір
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130