Бір жүрекке қанша махаббат сыяды?
Бір жүрекке қанша махаббат сыяды?

Бірде ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) хазірет Алиге (р.а.) мынандай сұрақ қойыпты:

– Уа, Али, Алланы жақсы көресің бе?

– Жақсы көрем, уа, расулалла.

– Пайғамбарын жақсы көресің бе?

– Жақсы көрем, уа, расулалла.

– Фатиманы жақсы көресің бе?

– Жақсы көрем.

– Ұлдарың Хасан мен Хүсейінді жақсы көресің бе?

– Оларды да жақсы көрем.

– Әй, Али, сендегі жүрек біреу, ал жақсы көретіндерің төртеу болды. Бір жүрекке мұнша махаббатты қалай сыйғыздың?

 

Хазірет Али қапелімде жауап айта алмай, үйіне қайтыпты. Күйеуінің ойлы кейіпте келгенін көрген сүйікті жары хазірет Фатима: – Отағасы, сәл тұнжырап тұрғандайсыз. Әлдене болмады ма? Егер дүниелік іске алаңдасаңыз, оны сізге жарастыра алмаймын, ал ақыретке қатысты іске алаңдасаңыз, айтыңыз, біз де білейік? – деп өтініпті. Хазірет Али жарына Расулалламен арада болған әңгімені айтады. Бұны естігенде хазірет Фатиманың (р.а.) жүзі жадырап сала береді. Сөйтеді де былай дейді:

 

– Қаласаңыз, бұл сұрақтың жауабын мен айтып берейін. Сіз барып әкеме білдірерсіз: Адамның қалай алды, арты, оң, солы, асты, үсті болғаны секілді жүректің де түрлі бағыттары бар. Осы себепті әлемдердің раббы Алланы ақылмен әрі иманыммен жақсы көремін. Пайғамбарын иманым әрі жан-тәніммен жақсы көремін. Сүйікті қызыңыз Фатиманы күйеуі ретінде жақсы көремін. Ал ұлдарым Хасан мен Хүсейінді әкелік мейіріммен жақсы көремін.

 

Бұл жауапты естігенде хазірет Али қуанып, тезірек барып айтқанша асықты. Пайғамбарымыз оны тыңдағаннан кейін күлімсіреп: – Уа, Али, бұл әкелген жеміс өзіңнен емес. Сірә, пайғамбар ағашының бұтағынан алынған жеміс болса керек, – деп ол жауапты қызы үйреткенін біліп қойды.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 жыл бұрын 7046
3 пікір
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130