Әріп танымайтын баланың оқиғасы
Әріп танымайтын баланың оқиғасы

Билл біраз уақытқа дейін жұмыс таба алмай жүрді. Ақырында оған үйлерді аралап, қоқыс жәшіктерінен қоқыс алып кететін қоқыс төгуші ретінде жұмыс жасау бұйырды.

Жаңа жұмысының бірінші күнінде бастығы Биллге мекен-жайлар жазылған тізімді беріп, осы мекен-жайлардан қоқысты алып кетуді тапсырды.

Билл тізімге мұңая қарап:

— Мен әріп танымаймын, — деп мойындады.

— Әріп танымайтын болсаң, қоқыс төгуші болып жұмыс жасай алмайсың — деп, қысқа жауап қайырған бастығы Биллды аяп кетіп, аш қалмасын деген ниетпен қолына бірнеше банан ұстатады.

Билл саябаққа барып, кіреберістегі орындықтардың біріне келіп жайғасты. Қолындағы банандарын жанына қойып, өмірі жайлы ойлап, ой тұңғиығына батты да кетті. Биллдың ойын бананын сұрап тұрған адамның сөзі бөліп жіберді. Билл оған бананын 5 центке сатып жібереді. 

Болған жайтты ой елегінен өткізген бала қалған банандарын көрінерліктей жерге қойып қояды. Арада сағат өтпей жатып, барлық банандарын сатып жібереді. Сұраныстың қатты болғаны соншалық, тіпті, соңғы 2 бананын Билл, әрбіреуін 10 центтан сатады. Барлық банандарын сатып жіберген ол, жақын арадағы азық-түлік дүкеніне барып, тапқан ақшасына тағы банан сатып алады.

Күн сайын, бүкіл жаз бойына Билл саябаққа келіп, банан сатып жүрді. Бара-бара ол әртүрлі жеміс-жидектер сатып бастайды. Көп кешікпей, ол саябақтың кіреберісінен бір шағындау жер сатып алады. Осылайша Биллдың табатын табысы еселене түседі.

Арада 20 жыл өтті, Билл ірі корпорация өкілдерімен бірге келіссөз жүргізу бөлмесінде отыр. Бұл — АҚШ-тағы ең ірі азық-түлік сатумен айналысатын компанияға дейін көтерілген Биллдың бизнесін сатып алу жөніндегі келіссөз еді. Компания жүздеген миллион долларға бағаланды. Барлық құжаттарға қол қойылғаннан кейін, юрист құжаттарды оқып, таныс болу үшін Биллге береді.

— Мен әріп танымаймын — деп, құжаттарды өзінің юристіне ұстатады. Өз көздеріне өздері сенбеген корпорация өкілдері:

— Бұл мүмкін емес, сіз сондай жетістіктерге қол жеткізген адамсыз, бірақ әріп танымайсыз, ойлап қараңыздаршы, егер әріп таныған болсаңыз, қаншалықты табысты адам болар едіңіз — деп, таңырқаған күйлері тұрып қалды. Билл сәл үнсіздіктен соң жауап беруге ыңғайланып:

— Мен егер әріп таныған болсам, кім боларымды білемін, мен қоқыс төгуші болған болар едім — деді.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
10 жыл бұрын 4336
3 пікір
  • Жүрегі таза деп осындай адамдарды айтса керек-ті
    10 жыл бұрын
  • Әрине, ойланатын дүние. Дегенмен де қиял басым сияқты. Әрісі хакім Абайда "Берекені көктен тілеме", істеген еңбегіңнен тіле деген жоқ па ? Қашанда еңбектенген адамды қара жерде құр қалдармайды ғой, Жаннур бауырм. Осы тұсын оқырманға жақсы жеткізіпсің. Қаламың жүйрік, құнды дүниелердің басын шалғай!
    10 жыл бұрын
  • Бағы жанған екен!
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
17156 122 276 373 130