ТАСПЕН АТҚАНДЫ — АСПЕН АТ
ТАСПЕН АТҚАНДЫ — АСПЕН АТ

Кішкене қалашықтан бір адам, үлкен бау-бақшасы бар — әдемі үй сатып алады. Ол — өте бақытты еді. Кеш бата ол бақшаға шығып, таза ауа жұтып, жайқалып өсіп жатқан бағын тамашалап, жақсы әсер алып демалатын… Бәрі сондай тамаша еді. Бірақ, өте зұлым, көре алмайтын көршісі бар тұғын. Сол көршісі — әйтеуір бір жамандық ойлап, бақшаға қоқыс лақтырып, әр түрлі жамандықтар жасап жүрді…

Күндердің бір күнінде, әлгі адам — есігінің алдына шықса, табалдырықта тұрған жуынды құйылған шелекке көзі түседі. Бұл — көршісінің қылығы екенін сезеді. Көп ойланбастан, шелектегі жуындыны төгіп, шелекті жалтыратып жуып, ішіне үлкен әдемі алмаларды жинап алып, салады да көршісінің үйіне барады. Көршісінің есігін қағып, өзі кетіп қалады. Өз ісіне риза болған зұлым көрші іштей «Мен оны қатырдым! Ол қазір менен таяқ жейді» деп ойлап келеді… 

Есікті ашса — алдында алма толы шелек тұр. Бетінде қағаз бар… Қағаз бетінде «Кім несімен бай болса, сонысымен бөліседі» деп жазылған болатын… Осыдан соң, ұялған зұлым көрші — жаңа көршісінен кешірім сұрапты. Қазақтың «Таспен атқанды — аспен ат» деген мақалы осыдан қалған болар, бәлкім…

jannur kokebaevajannur kokebaeva
10 лет назад 13036
2 комментария
  • Тамаша! Үлгі боларлық!
    10 лет назад
  • керемет!əрдайым көп сөзді көбейтпей салиқалы амалмен көрсеткенді қолдаймын.сонда ол өзі келіп сөзіңді сұрайды.
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130