Таңдаган тазга жолыгар...
Таңдаган тазга жолыгар...

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы сондай, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасаған ханзада, серілердің біреуін де ұнатпапты. 

Сонымен бірге сол ауылда тұратын қызға ғашық бір жас жігіт те қыздың қолын сұрапты. Бірақ, қыз оның да ұсынысын қабыл етпепті. 

Арада ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт ауылдан кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрынғы қалашыққа жолы түседі. Сөйтіп, келе жатқанда жолда бір таныс кісіні кездестіреді. Сол кезде бұрынғы әдемі қыз есіне түседі. Оның жағдайының не болғанын сұрайды. Ол болса, қыздың тұрмысқа шыққанын айтады. Жігіт: «Апырым-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды. 

Бір күні күйеуінің үйден шығып бара жатқан кезін көреді. Қыздың күйеуі семіз, таз, ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес. Мұның себебін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға тұрмысқа шыққанын сұрайды. Қыз: «Анау тұрған гүл бақшаның ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін кері қайта шегініп жүрмейсің!»– дейді. 

Жігіт жүздеген әдемі гүлдері бар бақшаны аралай бастайды. Өте әдемі бір сары гүл бірден көзіне түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде алқызыл гүлді байқайды. Оған қарай қолын созғанда одан да ілгеріде керемет қызыл гүл шоғын көреді. Сөйтіп келе жатқанда бақшаның шетіне де жетеді. Жігіт амалсыздан бір гүлді сол жерден үзіп алып, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, қураған гүлді әкелгенін көреді. 

Сонда қыз былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалап, өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан да қолыңдағы бар нәрсенің қадірін білу керек».

jannur kokebaevajannur kokebaeva
10 лет назад 5303
6 комментариев
  • Сүр бойдақтар осылай пайда болады ғой. Есейген сайын ешкімді жаратпайды.
    10 лет назад
  • Жақсы әңгіме екен. Автор бір әңгімемен екі нәрсені ұғындырғысы келген екен. Осы орайда мына бір орыстардың мақалы есіме түсіп отыр: «Лудше синица в руках, чем журавль в небе».
    10 лет назад
  • Бәрібір махаббатыңды іздеп өтесің
    10 лет назад
  • Қыздарға қиын, жігіттер бәрібір табады.
    10 лет назад
  • жігіттер де таппайды
    10 лет назад
  • Бұл жерде қыздардың да өз әдемілігіне сеніп, тәкаппарланбау керек екенін көрсетіп тұрғандай деп мен ойлаймын.
    10 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130