Мықты пана
Мықты пана

Сезесің бе?

Ұлы Жаратушы Алла тағаланың мейірімі шексіз. Ол өте жұмсақ, құлдарына тым жақын. Кез-келген өтінішіңді Оған қиналмай айта аласың. 

Бір қызығы сен Онымен тілдескен кезде: "Мазалағаныма айып етпеңіз, маған бір минут уақытыңызды бөле аласыз ба?", - деген сөзге еш уақытта мұқтаж болмайсың. 

Ол сені естісін деп даусыңды көтеруді де қажетсінбейсің. Тіпті сен аузыңнан бір сөз шығармасаң да Ол ішіңдегіні біледі. 

Қандай жағдайға ұрынсаң да, жалғыз Оған ғана керегіңді ұялмай айта аласың. 

Ол осы әңгімені де біледі әрі сені бақылап отыр! Ешқашан жалыққан емес, жалықпайды да. "Осы нәрсені Маған мың рет айттың ғой", - деп те сөкпейді. 

Жалғыз Оның ғана алдында ұялмай жылай аласың. Сәждеде онымен бірге боласың, жеке қаласың.

Арқа сүйері Жалғыз Алла болған адам ғана «Мықты Пана» тапқанын сезінеді. 

Сен онымен кездеспесең де Ол сені жақсы таниды. Тіпті сен оны білмей жүрген кезіңде де Ол саған қамқор болып, мейіріміне бөлеген. Әлі де бөлеуде, бөлей бермек. 

Қиындыққа душар болғанда жалбарынып дұға етіп, жылап-сықтап, шаршап ұйықтаған кезіңде де Ол ұйықтамай сенің ісіңді реттеп тұрады.

Сен Оған қарсы қанша күнә жасасаң да, Ол тәубе есіктерін жауып қоймайды. Өз қателіктеріне өкініп, жарылқау сұраған пендесінің тілегін кез-келген уақытта қуана қабыл алады.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
10 лет назад 4309
2 комментария
О блоге
0
17156 122 276 373 130