Мұсылман әйел болу – үлкен абырой.
Мұсылман әйел болу – үлкен абырой.

Қымбатты әпкелерім, сіңлілерім және құрбыларым! «Егер әйел Аллаһқа мойынсұнып, бес уақыт намазын оқып, арын сақтаса Жәннатқа кіреді» деген хадиске назар аударайықшы… Кімге Аллаһ тағала бір істі жеңіл етсе, ол іс оған жеңілдігімен келеді. Хадиске амал ету арқылы сіздер екі дүниеде де жақсылыққа кенелтуші мейірімді Раббыларыңызбен қауыша аласыздар. Оның белгілеп берген заңдарымен жүріңіз, қайда апарып тірейтіні белгісіз болса да Аллаһтың кітабы Құран мен Оның Пайғамбары Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне жармасыңыз. Себебі сіз мұсылмансыз, болашақ анасыз. Бұл деген үлкен абырой мен мақтаныш! Өзге әйелдер құдайсыз болуы мүмкін, атеист, ащы тілді, көп құдайшыл, ақша мен пұттар қоғамында өмір сүріп жүруі де таңғалдырмайды. Ал сіз ше?.. Сізді Аллаһ Тағала Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасары болу үшін тек оның ғана емес мүміндердің аналары Хадиша мен Айшаның да ізбасары болсын деп таңдап алып мұсылман етті емес пе? Мен сізге күнделікті бес уақыт намаз оқып, Рамазан айында ораза тұтып, Қасиетті Қағбаға қажылық парызыңызды жасағаныңыз үшін, сонымен бірге Исламның ақ жаулығын желбіретіп жүргеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Расында да сіз Аллаһты Раббым деп, Мұхаммедті (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарым деп және Исламды дінім деп қабылдағаныңыз үшін бақытты жансыз. Сіздің қазынаңыз – дініңіз, әшекейіңіз – көркем мінезіңіз, байлығыңыз – жақсы амалдарыңыз екенін естен шығармаңыз. Сіз миллиондаған әйелдердің қасында әлдеқайда бай жансыз. Біздің өміріміз жайлы бір сәт ойланайықшы…. Қаншама жылдан бері төсекке таңылып, небір түрлі аурудан азап шегіп жатқан адамдарға толы ауруханалар, темір тордың ар жағында бас бостандығынан айырылып, өмірі құрдымға кеткен жандарға талай пенденің тағдыры, есінен айырылған, рухани дертке шалдығып емі табылмай жатқан емханалардағы науқас жандардың жағдайы біздікінен әлдеқайда мүшкіл. Әлдеқайда ауыр. Сіз білесіз бе, әлемде жаман күркелер пен жыртық шатырдардың астында бір үзім нанға зар болып отырған адамдар да бар ғой?.. Біздің жегеніміз артымызда, жемегеніміз алдымызда. Сіз білесіз бе, күтпеген жерден балаларынан айырылған, тіпті есту, жүру қабілетінен айырылып, аяқ-қолы кесілген, небір сұмдық дертке шалдыққан жандардың бар екенін? Әрине, жақсы білесіз. Күнделікті жағдайда көріп, естіп жүрсіз. Сіз қандай да бір жамандыққа барып қойып жүрсеңізде өміріңіз бір қалыпты, еш қауіпсіз өтуде. Ендеше осы үшін Ұлы болған, аса Мейірімді Аллаһқа сансыз шүкіршілік айтыңыз да уақытыңызды Ол ұнатпайтын бос нәрселермен өткізіп алмаңыз. Сағаттап теледидар алдында арзанқол, жағымсыз, санаға қонымсыз бағдарламаларды көріп отырудан сақ болыңыз. Себебі ондай дүниелер жүректегі нұрды өшіріп, күйзеліске ұшыратуы әбден мүмкін. Оның орнына пайдалы нәрселермен айналысыңыз. Мәселен, дәрістер, медициналық бағдарламалар, мұсылман үмметіне қатысты жаңалықтар тағысын тағы. Не болса да уақытты өлтірудің түрлі тәсілдерінен аулақ болыңыздар. Таңды атырған кезде, кеш бата бұл фәниден өтіп кетуіміздің ғажап емес екені қаперімізде жүрсін. Бақытты күннің бастауы – таң намазы. Сол себепті әр күніңізді таң намазымен бастауға тырысыңыз. Сол кезде ғана сіз күні бойы Аллаһтың қорғауында боласыз. Құдай тағала таң намазымен басталмаған күнге береке бермейді. Таң намазы – мейірім мен сәттілікке қарай басылған алғашқы қадам. Оған титтей де күмәніңіз болмасын. Ол берген нығметтермен зейінделіңіздер, Ол бізге қандай нығмет бермесін риза болған түрде қабыл алайық. Сол үшін Оған сансыз мадақтар мен шүкіршілік айтайық. Қамшының қысқа сабындай болған мына өмір Алланың адамзат баласына берген мерзімдік сынақ уақыты екенін пендешілікке салынып, естен шығарып қоюға әсте болмайды. Сақ болайық.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 лет назад 7169
1 комментарий
  • Иә, шынымен де өте бақытты және таңдаулы құлдармыз. Аллаһ Тағала дүниені әрбір құлына береді, ал иманды тек сүйген құлына береді...
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130