Хат...
Хат...

Егер әлемді жамбасына басқан, азуын айға білеген патшадан маған, иә, дәл маған арналған хат келсе, қандай күйде болар едім? Мен оқысын деп жіберген болса, демек, ішінде мен білуім қажет маңызды ақпарат бар болғаны. «Кейін оқимын» деп шетке ысыра салсам, білуім міндетті хабардан, орындауым тиіс әмірден ғапыл боп, арты өкінішке әкеп соғуы да мүмкін ғой. Бұл ғапылдығым үшін басым шабылып кетпесіне кім кепіл? Әрі менің, қарапайым жұмыр басты пенденің, сондай ұлық, бар әлем уысында болған патша көңіл бөліп, ардақтап, хат арнайтындай дәрежем де жоқ еді. Неге жазды екен? Кеудені үміт пен үрей билеп, хатты аштым. Қарасам, маған түсініксіз тілде жазылған. Енді қайттім?! Бұл тегін хат емес екені белгілі. Дереу хатта не жазылғанын аударып беретін адам іздеймін. Тіпті ит арқасы қиянда болса да, сондай адамды табуға аттанар едім, қызметіне бар малымды сарп етер едім, бастысы, хатта не жазылғанын түсінсем болды, басқасы маңызды емес...

 

Ал енді әлемдердің патшасы Алладан келген ұлы хат – Құранды қолыма алғанда, жүрегім дәл солай қобалжи ма екен?!

 

Егер жүрегім қалап, сүйген, ол да мені ерекше жақсы көретін, хабарын асыға күтетін жаннан маған, иә, дәл маған арналған хат келсе, қандай күйде болар едім? Жүрегім дүрсілдеп, сол хатты тағатсыздана ашып, оқуға асық болар едім. Әрбір сөз, үтір-нүктесін қалдырмай, мұқият оқып, жаныма дауа табамын. Бір оқығанымды 100 қайтара оқысам да, құмарым қанбайтындай. Тіпті жаттап алуға бармын. Қағаздың шіріп, сарғайып кетерін білсем де, оны барынша сақтауға тырысам. Қағаз бетінде қалмаған күннің өзінде, жүрегімде жазылып қалатын сөздер ғой бұл! Бұл – менің сүйіктімнің сөзі, бұл - менің сүйіктімнің сөзі! Хаттағы әр сөзден оның маған деген ерекше ықыласын сезіп, ішім жылып, шабыттанып, төбем көкке екі-ақ елі жетпегендей болар еді... 

 

Ал енді мені ешкімде жоқ ерекше махаббатпен сүйген Алладан келген ұлы хат – Құранды қолыма алғанда, жүрегім дәл солай елжірей ме екен?!

 

Данияр Жігітбек

jannur kokebaevajannur kokebaeva
9 лет назад 7798
5 комментариев
  • Алласын іздеген жүрек болса елжірейді.
    Жүректер Алланы еске алғанда ғана тыныш табады.
    9 лет назад
  • Машалла! Құранды көбірек оқиық. Құран басқа хаттар секілді бір оқып кейін оқымай кететін хат емес, бәлки он төрт ғасырдан бері қайта-қайта оқылып келе жатқан ескірмейтін хат.
    9 лет назад
  • Иә, Құран сөзінің мағынасының өзі "ең көп оқылатын кітап" дегенді білдіруі де бізге бір ескерту, көп жайттан хабар екені анық...
    9 лет назад
  • Тамаша!
    9 лет назад
  • Керемет салыстырма. Адамға ой салар қарапайым жазба. Осы орайда мына мақал ойыма келді: "Қолда бар алтынның қадірі жоқ".
    9 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130