Әйелді бастан...
Әйелді бастан...

Жасы үлкен апаға ауыл жастары:

- Апа, сізге тамсанамыз! Осыншама жылдар бойы жолдасыңызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасы құра алдыңыз! Осының құпиясы неде екен?

- Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Атаңызға жас қыз болып күйеуге шығып тұрмыс құрғнмын. О кездері автобус, көлік деген нәрсе атымен жоқ, сонда келіндерді жаңа мекендеріне атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Мен бір атқа, аталарың да бір атқа мініп жолдасымның ауылы жаққа бет бұрдық. Аталарың алдында, мен оның артында келе жатырмыз. Бір кезде атымның аяғы сүрініп қалады. Жолдасым болатын мына аталарың артқа бұрылып, атыма "БІР" деді. Біраз тағы жүрген кезде атымның аяғы қайта сүрінеді. Бұл жолы жолдасым атқа қарап "ЕКІ" деді. Бейшара атымның қайта сүрінгенің қарашы, жолдасым "ҮШ" деді да, мылтығын шығарып атымды атып тастады. Атым сол жерде өлді де қалды. Болып-біткенге сене алмай, жолдасыма дауыс көтеріп: "Еш жазығы болмаған сап-сау атты неге атып тастадыңыз?!" деп ренжіп ұрыстым. Жолдасым үндемей тыңдап алып, маған қарай бұрылды да "БІР" деді. Сол күннен бері аталарыңа "ЕКІ"ні айтқызбай келемін. Бақытты отбасының құпиясы сол ғана.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
10 лет назад 4908
5 комментариев
  • Барған жерде айта жүретін әзіл екен ) Негізінде дұрыс қой. Әйел кісілер ер кісілердің қас-қабағына қарап отыру керек.
    10 лет назад
  • Әй қатырыпты ә... ) "Екі" деп айтқызбайтын, айтқызбаған жеңгелерден айналдым...
    10 лет назад
  • адам ойына келмейтін әзіліңіз үшін рахмет
    10 лет назад
  • Окасы жок))) барі өзіміз қыздар қауымына кішкене болса да ой салар дегенім гой,
    10 лет назад
  • Бұрын да оқығам. Ер адам осындай болу керек, ал әйел еріне мойынсыну керек.
    10 лет назад
О блоге
0
17156 122 276 373 130