Құраннан қателік іздеген ғалым...
Құраннан қателік іздеген ғалым...

Құраннан қателік іздеген ғалым...

 

Гари Миллер - Торонто университетінің оқытушысы. Ол өзінің миссионерлік жұмыстарымен яғни христиан дініне уағыздауымен танымал болған ғалым. Інжілді толығымен қыр-сырын меңгерген ол бір күні Құранды зерттеп ішінен қателер тапқысы келеді. 

 

Оның пікірінше осыдан 14 ғасыр бұрын жазылған кітап сахара, тау-тас туралы әңгімелер қозғайды деп ойлайды. Алайда Құранды ашып оқып, зерттеп көргеннен кейін ол өзінің пікірін түбегейлі өзгертеді.

 

Біріншіден, ол басқа кітаптарға жоқ тың мағлұматтар мен материалдардың Құранда жазылғанына көз жеткізеді.

Миссионер Құраннан пайғамбардың (с.а.с) сүйікті жары Хадишаның яки ұлдарының өмірден озғанына байланысты түскен аяттар іздегенімен ол туралы бірде-бір аят кездестірмейді. Есесіне Құран сүрелері арасынан Иса пайғамбардың анасына толығымен арналған "Мариям" деген сүренің бар екенін көреді. Құранда Мариям туралы келген мағлұматтарды ол бұрын христиан кітаптарында да, Інжілдерінде де кездестірмеген болатын. Сондай-ақ Алла елшісінің (с.а.с) ең жақсы көрген адамдары Айша, Фатима есімдерімен аталған бірде-бір сүре таппайды. 

Құранда Исаның есімі 24 жерде, ал Мұхаммед (с.а.с) есімі бар болғаны төрт жерде келегенін көргенде Гари Миллердің таңданысы күшейеді

.

Бәлкім осы кітаптан бір қателік табармын деген оймен ізденісін жалғастырады да мына аятқа көзі түседі "Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер (Құран) Алладан басқадан келген болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді"(Ниса сүресі, 82 аят). Бұл жерде ғалым Құранның мұсылмандарды және мұсылман еместерді шамасы келетін болса осы кітаптан қателік табуға шақырып жатқанына таңданыс білдіреді. Осы тұста Миллер "Әлемде ешқандай жазушы әуелі кітап жазып сонан соң бұл кітаптың ішінде бірде-бір қателік жоқ сеніммен айта алмайды және кітабының ішіндегі қателіктерді табуға басқаларды шақырмайды" дейді. 

Ғалымды таң қалдырған тағы бір аят "Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?" (Әнбия, 30 аят)

 

Миллер айтады "Аспан, жер, барлық болмыстың үлкен жарылыстан соң пайда болғаны 1974 жылы дәлелденді. Бұл теорияны дәлелдеген ғалым нобель сыйлығын иеленді. Сондай-ақ жоғарыдағы аятта Құран жердің әуелі біртұтас болып сосын ажыратылғанын айтады және су өмірдің негізі екенін алға тартады. Су - барша тіршіліктің бастауы екені қазіргі кезде ғылыми дәлелденген тұжырым. Қорыта айтқанда Құрандағы аяттардың барлығы ғылыммен ұштасатынын байқауға болады. Бұл таң қалатын жәйт. Осыдан 1400 жыл бұрын сахарада өмір сүрген, жазуды-сызуды білмеген адамның бұндай нәрселерді өз ойынан жазуы мүмкін емес, егер бұл Құдайдан келген уәхи болмаса". 

 

Осы ізденісінен кейін доктор Гари Миллер Исламды қабылдайды. Бұрын өзі қатарынан болған христиан миссионерлерімен қазір дін мәселелерінде дискуссия жүрігізіп жүр.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
2 года назад 570
1 комментарий