Əйел ақысы
Əйел ақысы

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген:

«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім.»

Али-ул Хауас хазреттеріне әйелі ренжіген еді. Әйелі күйеуіне қырсығып бөлек ыдыс қолданып жүрді. Али-ул Хауас хазреттері бір күні жаңылысып әйелінің ыдысымен су ішіп қойғанында әйелі ыдысты сындырып тастайды. Хазрет «ыдысты не үшін сындырдың?» деп те айтпай, ешнәрсе болмағансып жүре беріпті.

Осман әл-Хатиб хазреттерінің көршісі Нуреддин Шунидің айтып бергені: Бір түні сыртқа шықтым. Ескі төсенішпен оранып жатқан бір адамды көріп «Сен кімсің, бұл жерде не үшін жатырсың?» дедім. «Көрші бұл мен Осман әл-Хаттаб. Баламның анасы мені үйден қуып жібергені үшін көшеге шықтым, ашуы тарқағанша осында жатуды ұйғардым» деген екен.

Ибни Әбил Хамаили Сәури хазреттерінің әйелінің мінезі жаман еді. Күйеуіне аузына келгенін айтып оның мазасын қашыратын. Ол мубарек кісі өте сабырлы еді. Бір ретінде әйелінің мазалауынан құтылу үшін ұшып қашқан еді. Әйелі артынан қарап «Мынаған қара, ұшып қашумен менен құтылам деп ойлайды» деген екен. Біз сияқты жай адамдар ұша алмасақ та қашып болса да ұрыс-керістен, жанжалдан ұзақ тұруға тырысуымыз керек. Өзіміздікін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим)

 «Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны.» (Тирмизи)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршид-ун-ниса)

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады:

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим)

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)

 

Әйелдердің жұмыс істеуі

Садети Әбәдия кітабында былай делінген:

«Бір әйелдің әкесі, шешесі және махрем туыстары жоқ болса немесе бар бірақ кедей болса, қарайтын ешкімі болмаса, мемлекет те көмек бермесе, бұл әйел өзінің, балаларының және ауру, кәрілік себебімен жұмыс істемейтін кедей әке-шешесінің нафақаларын (тамағы, киімі, тұратын жері) қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге міндетті. Еркектермен аралас болмаған әйел жұмысында істеуі керек. Еркек жоқ жұмыс табылмаса, денсаулығын, дінін, намысын, Мұсылмандық қадірін қорғай алатын мөлшерде, еркектер бар жерде оранған күйде жұмыс істеуі жайыз болады. Бұл нафақасын қамтамасыз етуіне кедергі болмау керек. Мұндай қажеттіліктерден артық ол жерде қалу жайыз болмайды.

Жұмыста басын қолдарын ашуға мәжбүрлесе, ашпасаң жұмыстан шығасың десе, оранған күйде жұмыс істейтін басқа жұмыс таппаса, қолдарын ашып жұмыс істеуі Имам Әбу Юсуптың қауылы бойынша жайыз болады. Әйелдердің құлақтарынан төменгі ұзын шаштарын жабуы фарыз емес деген ғалымдар да болған. Басқа шара болмаған кезде бұл зайыф (әлсіз) қауылымен амал ету жайыз болады. Бастағы шаштарды жабу фарз екені ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген болса да, құлақтан төменгі ұзын шаштарды ашу қиыншылыққа түсу себебімен жайыз болады.

Мұндай қиыншылыққа түскен әйел әркез еркектермен аралас болмаған немесе оранып жұмыс істеуге болатын жер іздеуі керек. Көшеде жүргенде шаштарын, қолдарын жабуы керек. Мұсылман еркекке тұрмысқа шыққанда оның нафақасын күйеуі қамтамасыз етуге мәжбүр. Бай болмаған әке-шешесіне және балаларына нафақа беруге міндетті болмаса да күйеуінің рұқсатымен жұмыс істеп оларға қарауы керек.»

Дінімізде әйел күн көріс дертінен, табыс табу уайымынан босатылған. Ол жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр емес. Керісінше барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз әйелге осындай қадір берген.

Мұсылман әйел сауда-саттық, ғылым, егіншілікпен айналысуға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істей алады.

Тек бұлармен шұғылдануда харамдардан сақтануы шарт. Харам істей отырып еңбек етуге де ғибадат жасауға да болмайды.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
2 жыл бұрын 1755
1 пікір
  • Дінімізде әйел күн көріс дертінен, табыс табу уайымынан босатылған. Ол жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр емес. Керісінше барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз әйелге осындай қадір берген.

    Қазіргі қоғамда барлығы керісінше...
    2 жыл бұрын