Әжетханаға жалаңбас кірме 
Әжетханаға жалаңбас кірме 

Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: 

– Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп сұрайды. Ібіліс: 

– Білмеуші ме едің? Алламен араздасқанда маған баспана етіп дәретхананы берген. Мен өзімнің үйімде отырмын, – деп жауап береді.  

– Қолыңдағы құрық не үшін?

– Кім дәретханаға жалаңбас кірсе, соның ақылын ұрлаймын. Ондайлардың ойы таяз, танымы қисық болады. Ақылы азайғандардың мал табуға кемдігі болмайды. Есесіне Құдаймен ісі болмайды. Олардың өлгенше иманын толықтыруға осының бәрі кедергі болар, – депті. 

Осыдан оқиғадан соң, Әубәкір дәретханаға жалаңбас кірмеу жөнінде ел арасында үгіт-насихат жүргізіпті деседі.

jannur kokebaevajannur kokebaeva
2 жыл бұрын 1620
1 пікір